427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы 14 күн ішінде Қытайға барған шетел азаматтары АҚШ аумағына кіре алмайды

  • 496
  • UPD: 10:58, 03.02.2020

Соңғы 14 күн ішінде Қытайға барған шетел азаматтары енді АҚШ аумағына кіре алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал саяхаттан елге оралған америкалықтар міндетті түрде карантинге жатқызылады. Бұл туралы Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарының әуе және теңіз порттары басқармасының директоры Рик Коттон мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бүгінге дейін Құрама Штаттарда коронавирусты жұқтырудың 9 дерегі тіркелген.

Рик Коттон, Нью-Йорк пен нью-джерси штаттарының әуе және теңіз порттары басқармасының атқарушы директоры:

- Хубэй провинциясында болған АҚШ азаматтарында ауру белгілері байқалған жағдайда олар шұғыл түрде Белвью мен Ямайка ауруханаларына жөнелтіледі. Ал сырқат симптомдары анықталмаған кісілер міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылады.

Өз кезегінде Қытай билігі Ухань қаласында салынып жатқан 2 емдеу мекемесінің бірін аяқтады. 1000 орындық ауруханада коронавирус дертін жұқтырған науқастар емделмек.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 23 қаңтарда басталып, небәрі 8 күнге созылды.

Хабар 24 телеарнасы