411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жазықсыз 43 жыл түрмеде отырған америкалықтар ақталып шықты

  • 306
  • UPD: 10:54, 03.02.2020
Жазықсыз 43 жыл түрмеде отырған америкалықтар ақталып шықты iz.ru

АҚШ-тың Флорида штатының екі тұрғыны 43 жылын жазықсыз темір торда өткізді, деп хабарлады iz.ru.

Клиффорд Уильямс пен оның жиені Нэтен Мейерске 1976 жылы көршісін өлтірді деген айып тағылып, 43 жыл түрмеде отырған.

Дегенмен 2019 жылы олардың кінәсіз екендігі дәлелденіп, екеуі де ақталып шықты.

Штаттың заңына сәйкес, жазықсыз сотталғаны үшін түрмеде отырған әр жылына $50 мың көлемінде өтемақы төленуі тиіс. Дегенмен бұрын сотталған адамдарға өтемақы төленбейді.

Клиффорд Уильямс бұрын сотты болған. Сондықтан оған өтемақы төленбеді. Ал бұрын сотталмаған Нэтен Мейерс темір торда өткізген әрбір жылы үшін $50 мың өтемақы алды.

Хабар 24 телеарнасы