loader

АҚШ пен Ресей Қытаймен жолаушылар байланысын тоқтатты

АҚШ пен Ресей Қытаймен жолаушылар байланысын тоқтатты

АҚШ коронавирустың өршуіне байланысты соңғы 14 күнде Қытайда болған адамдарды елге кіргізуге шектеу қойды.

Ал Ресей жолаушылар байланысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«Жалпылай алғанда соңғы 14 күнде Қытайда болған шетелдік азаматтарды Құрама Штаттарға кіргізуге шектеу қойылды», - делінген АҚШ-тың Ішкі істер қауіпсіздігі министрлігінің таратқан хабарламасында.

Дегенмен, бұл шектеу АҚШ-та жақын туысқаны бар азаматтарға қойылмайды. Соңғы 14 күнде Қытайда болған америкалықтар үшін елге кіру тек жеті әуежай арқылы ғана ұйымдастырылады: John F.Kennedy International Airport (JFK, Нью-Йорк), Chicago O ' Hare International Airport (ORD, Чикаго), San Francisco International Airport (SFO, Сан-Франциско), Seattle-Tacoma International Airport (SEA, Сиэтл), Daniel K. Inouye International Airport (HNL, Гавай), Los Angeles International Airport, (LAX, Сан-Франциско) және Hartsfield-Jackson Atlanta International Airport (ATL, Атланта) бар.

Ал Хубэй провинциясында болған америкалықтар 14 күн бойы карантиндік бақылауда болады.

Өз кезегінде Ресей Федерациясы Қытаймен теміржол байланысын тоқтатты.

«31 қаңтардан бастап Бейжің мен Мәскеуден бөлек Ресей мен Қытай арасындағы жолаушыларға арналған теміржол байланысы уақытша тоқтатылды. Осы күннен бастап Ресей мен Қытай арасындағы жолаушылар теміржол қатынасы толығымен тоқтатылды. Дегенмен жүк тасымалы жалғаса береді», - деп жазады РИА Новости.

Айта кетейік, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 17 205 адамға жетті. Сол сияқты 361 адам қайтыс болды. Жұқпалы індет бір күнде 57 адамның өмірін қиды.

Сондай-ақ...