476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Коронавирус індеті Қытай қор биржаларының құлдырауына әкелді

  • 1168
  • UPD: 15:07, 03.02.2020
Коронавирус індеті Қытай қор биржаларының құлдырауына әкелді

Өткен жылдың аяғында пайда болған коронавирус індеті енді Қытайдың қор нарығына да әсер ете бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңажылдық демалыстан кейінгі сауда-саттықтың алғашқы күні негізгі қор биржалары төмендеп кетті. Атап айтқанда, кеңінен етек жайған кесел кесірінен Shanghai Composite пен Shenzhen Component қор биржаларының индексі 8%-ке құлдырады.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша өршіген коронавирустан 17 мыңнан аса адам қатерлі дертке шалдыққан. Тағы 362 азамат көз жұмды.

 

Хабар 24 телеарнасы