445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия өз жауынгерлеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды

  • 245
  • UPD: 07:56, 04.02.2020
Түркия өз жауынгерлеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды

Түрік әскері көрші Сирияның Идлиб провинциясындағы 40 нысанды соққылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша өз жауынгерлеріне жасалған шабуылға жауап қайтарған. Бұған дейін осы провинцияда артиллериялық соққы салдарынан 4 түрік сарбазы мерт болған еді. Тағы тоғызы түрлі жарақат алды. Олар өңірге атыс-шабысты болдырмау үшін жіберілген. Алайда ресми Анкараның мәлімдеуінше, Сирия әскері сарбаздардың қайда жүргенін алдын ала біле тұра, шабуыл жасаған.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Түрік әскері зеңбіректер және F-16 жойғыш ұшақтарының көмегімен соққы жасап жатыр. 40-қа жуық нысан шабуылданды. Салдарынан 30-35 сириялықтың көзі жойылды.

Хабар 24 телеарнасы