375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Африкадағы шегіртке шабуылы: миллиондаған халық азықсыз қалуы мүмкін

  • 160
Шығыс Африкадағы шегіртке шабуылы: миллиондаған халық азықсыз қалуы мүмкін

Сомалиде шегіртке шабуылына байланысты төтенше жағдай тәртібі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені зиянкес жәндіктер елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Қазірдің өзінде олар Шығыс Африкадағы 70 мың гектар егін алқабын отап үлгерген. Осы ретте бұған дейін БҰҰ өңірге көмек ретінде 15 миллион доллар бөлген еді. Алайда сарапшылар қаржының жеткіліксіз екенін айтады. Есептеулерінше, тағы 76 миллион доллар қажет екен. Енді мамандар шұғыл шара қабылданбаса, маусымға таман шегірткенің саны 500 есеге дейін көбеюі мүмкін деп дабыл қағуда. БҰҰ өкілдері мұндай жағдай соңғы 25 жылда байқалмағанын айтады. Ал көрші Кенияда жәндіктердің мұндай шабуылы 70 жыл бойы тіркелмеген.

Эстер Китука, фермер:

– Қазір егін жинау маусымы басталды. Біздің бар үмітіміз осы. Егер шегіртке егінді түгел отап кетсе, жыл соңына дейін азықсыз қалатын түріміз бар.

Доминик Буржон, БҰҰ өкілі:

– Шығыс Африканың үш елінде, атап айтқанда Сомали, Эфиопия мен Кенияда 11 миллион адам тойып тамақ ішпейді. Жығылғанға жұдырық демекші, жағдайдың одан бетер ушығуына жол бермеу керек. Бұл ретте шегірткеге қарсы дәрі шашудың маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы