448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда мигранттар ереуілі қақтығысқа ұласты

  • 171
Грекияда мигранттар ереуілі қақтығысқа ұласты

Грекияда мигранттар ереуілінің соңы тәртіпсіздіктерге ұласып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Лесбос аралында болған. Босқындар бірнеше айға созылған баспана беру мәселесін шешуді талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған. Шараға 2 мыңға жуық адам қатысты. Ереуілшілер аралдың әкімшілік орталығына өтпек болған. Алайда жолдарын полицейлер бөгеп, мұның соңы тәртіпсіздіктерге ұласты. Күштік құрылым өкілдері көз жасаурататын газ қолданған. Жалпы БҰҰ өкілдерінің хабарлауынша, былтыр Грекияға 60 мыңдай мигрант келген екен. Олардың 80 проценті көрші Түркиядан жетіп, Лесбос, Хиос және Самос аралдарындағы орталықтарға орналастырылған. Бірақ онда шамадан тыс көп адам тұрып жатыр. Сондықтан босқындар уақытша орталықтағы жағдайдың адам төзгісіз екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы