427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгта Қытаймен шекараны жабуды талап еткен дәрігерлер жұмысқа шықпай отыр

  • 309
  • UPD: 11:40, 04.02.2020
Гонконгта Қытаймен шекараны жабуды талап еткен дәрігерлер жұмысқа шықпай отыр

Гонконгтың медицина қызметкерлері Қытаймен шекараны жабуды талап етіп, екінші күн қатарынан жұмысқа шықпады, деп хабарлады ТАСС.

«Кезекші қызметкерлердің аз болуы бүгін мемлекеттік ауруханалардағы жедел жәрдем қызметтерінің жұмысына белгілі бір дәрежеде әсер етті», - делінген Аурухана мекемелері басқарамасының  хабарламасында.

Аймақтың Денсаулық сақтау министрлігі ереуілге шыққан дәрігерлерді науқастарды емдеу үшін өз міндеттерін орындауға шақырды.

Айта кетсек, 3 ақпанда дәрігерлердің ереуіліне шамамен 2,7 мың адам қатысқан.

RTHK хабарлауынша, бүгін Гонконгта коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы