376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгта алғаш рет коронавирустың жаңа түрінен бір адам көз жұмды

  • 156
  • UPD: 17:54, 04.02.2020

39 жастағы ер адам қаңтарда ауру ошағы – Ухань қаласына барып қайтқан екен.

Араға 8 күн салып өзін нашар сезінген. Артынша медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға түскен болатын. Ер адамның анасы да вирусты жұқтырғаны белгілі. Қазір ол ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лау Ка-Хин, аурухана мекемелері басқармасының өкілі:

- Соңғы күндері науқастың жөтелі күшейген болатын. Бірақ бүгін жағдайы күрт нашарлап кетті. Оның жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер өміріне араша түспек болғанымен, өкінішке қарай құтқара алмады.

Соңғы ақпар бойынша коронавирустың жаңа түрі алғаш рет Бельгияда тіркелген екен. Таяуда жергілікті билік 9 бельгиялықты Уханьнан Отанына жеткізген болатын. Солардың біреуінің індетке шалдыққаны анықталды. Тест оң нәтижені көрсеткенімен, науқаста ауру белгілері әзірге байқалмай отыр. Осылайша, вирусты жұқтыру деректері 20-дан аса елде тіркелген. 427 адам көз жұмды. Олардың 425-і құрлықтық Қытайда ажал құшқандар. Екі марқұмның бірі Филиппинде, енді бірі Гонконгта мерт болған.

Хабар 24 телеарнасы