422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Судан халқы аштықтың азабын тартып отыр

  • 605
  • UPD: 11:04, 05.02.2020
Оңтүстік Судан халқы аштықтың азабын тартып отыр

Оңтүстік Судандағы аштық апатты деңгейге жетті. БҰҰ-ның өкілдері осылай деп, дабыл қағып отыр. Бүгінде мұнда 6 миллионнан аса тұрғын азық-түлік тапшылығын сезініп отыр. Жалпы әлемдегі ең жас мемлекет - Оңтүстік Судандағы жағдайдың ушығуына азаматтық соғыс кесірін тигізген.

Алайда 2018 жылы жанжалдасушы тараптар бітімге келді. Жығылғанға жұдырық демекші, мемлекетті қуаңшылық жайлаған. Ал, былтыр тұрғындарды алапат су тасқыны әбігерге салды. Соның кесрінен миллиондаған адам тойып тамақ ішпей жүр. 

Дебора Ниакует, жергілікті тұрғын:

- Біз аштықтың зарбадын тартып келеміз. Анаға баласының көз жасын көруден асқан қайғы-қасірет бар ма? Түрлі ұйымдар көмек жібергенде ұл-қыздарымыз қарын тойғызып, жүздеріне қуаныш ұялайды. Сондай сәттерде біз де өзімізді бақытты сезінеміз.

Хабар 24 телеарнасы