428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сальвадорға Қытайдан қайтқан тұрғындар оқшауланды

  • 426
  • UPD: 14:06, 05.02.2020
Сальвадорға Қытайдан қайтқан тұрғындар оқшауланды

Коронавирустың таралуынан қауіптенген Сальвадор билігі Қытайдан келген отандастарын оқшаулауға кірісті.

Қазірдің өзінде бұл елде үш адам карантинге жіберілді. Дәрігерлердің сөзінше, әуежайдағы тексеріс кезінде олар қатерлі індетті жұқтырды деген күдікке ілінген. Сөйтіп, ауруханаға жатқызылды. Қазір ел билігі әуежайларда қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы