445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан Қытайдан азаматтарын қайтарып жатыр

  • 159
  • UPD: 15:17, 05.02.2020
Өзбекстан Қытайдан азаматтарын қайтарып жатыр

Өзбекстан үкіметі Қытайдан өз азаматтарын қайтарып жатыр. Кеше ала шапанды ағайын Бейжің қаласынан 250 адамды чартерлік рейспен алып келсе, бүгін 84 азамат Ухань қаласынан Ташкентке ұшып келді.

Эвакуацияланғандарды бас қаладағы және Ташкент облысындағы екі ауруханаға карантинге жатқызады. Мұнда олар 14 күн бойы қаралмақ. Қытайдан келгендерді оқшаулау үшін бұл медициналық мекемелер күні бұрын қайта жарақталды. Бүгінде көрші мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айта кету керек. Ал короновирус күдігі бар деген елдерден келетін ұшақ, көлік пен пойыздарды санитарлық қызмет бақылауға алды. 

Нұрмат Атабеков, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитарлық инспекторы:

- Бұл қауіпті індетке төтеп беру үшін біз Эпидемиология, биология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында арнайы орындар дайындадық. Сонымен бірге дәрі-дәрмектер қоры мен қорғану құралдарын әзірлеп қойдық. Өңірлердегі ауруханаларда да дәл осындай шараларды қолға алып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы