379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда казинолар жаппай жабылып жатыр

  • 147
  • UPD: 17:25, 05.02.2020
Қытайда казинолар жаппай жабылып жатыр newsofgambling.com

Макаода коронавирусқа байланысты барлық казино 2 аптаға жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ішкі Қытайда қауіпті дерттен көз жұмғандар санының артуы себеп. Сондықтан жергілікті билік жұқпалы аурудың аймақта кеңінен таралуын болдырмау үшін осындай шара енгізді. Бұдан бөлек, өңірде көлік қатынасы шектеліп, көптеген өнеркәсіп жұмысын уақытша тоқтатқан. Жалпы қазір бұл өңірде вирусты 10 адам жұқтырғаны тіркелген.

Айта кетейік, Макао бұған дейін мұндай шараны 2018 жылы «Мангхаут» дауылы кезінде қолданған болатын. Салдарынан аймаққа 186 миллион доллар шығын келген еді.

Жу Хай, жергілікті тұрғын:

– Казиноларды жабу маған ғана емес, бүкіл аймаққа әсер етіп жатыр. Мысалы, мен мейрамханада жұмыс істеймін. Жаңа жылға орай азық-түлік қорын көбейтіп қойған едік, ойынханалардың жабылуынан тұтынушылар азайып, кәсібіміз жапа шегуде.

Хабар 24 телеарнасы