423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда қар көшкіні салдарынан 38 адам көз жұмды

  • 582
  • UPD: 07:25, 06.02.2020
Түркияда қар көшкіні салдарынан 38 адам көз жұмды

Түркияда екі бірдей қар көшкіні жүріп, 38 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 50-ден астамы жарақат алған. Бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті. Жапа шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Оқиға Ван провинциясында болды. Мұнда жолда қар күрейтін машина жұмыс істеп жатқан. Артынан жолаушылар мінген автобус жүріп келе жатыпты. Кенеттен қар көшкіні жүріп, техниканы жартылай басып қалған. Оқыс оқиға салдарынан автобус 40 метр биіктіктен құлап кеткен. Араға бірнеше сағат салып, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатқанда тағы да қар көшкіні жүрген. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары қайта жалғасты.

Хабар 24 телеарнасы