427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

  • 459
  • UPD: 08:54, 06.02.2020
Жаңа Зеландияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Жаңа Зеландияның оңтүстігінде жаппай эвакуация жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған су тасқыны себеп. Өңірде бірнеше күн бойы нөсер толастамай тұр. Саутленд аймағында төтенше жағдай жарияланды. Өйткені мұнда өзендер арнасынан тасып, мыңдаған тұрғын электр энергиясыз қалды. Жалпы осыған дейін топан су кесірінен туристер жапа шеккен болатын. 500-ге тарта демалушы саяхатшылар арасында танымал орынға барып, кері қайта алмай қалған. Себебі, жолдарды су шайып кеткен. Сондықтан құтқарушылар оларды әуе көлігімен эвакуациялады.

Иан Дэвидсон-Воттс, Гор қаласы әкімшілігінің өкілі:

Су деңгейі қауіпті межеден асып кетті. Сондықтан алдын ала эвакуация жүргізіп жатырмыз.

Шон Экхаут, жергілікті тұрғын:

- Таңғы 05:00 шамасында бізге хабарлама келді. Оны алғаннан кейін қауіпсіздік қамына кірісіп кеттік. Қаптарға топырақ салып жатырмыз. Өзге тұрғындарға үйлерінен шығуға көмектесудеміз.

Хабар 24 телеарнасы