418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голливуд жұлдызы 103 жасында қайтыс болды

  • 292
  • UPD: 13:28, 06.02.2020
Голливуд жұлдызы 103 жасында қайтыс болды

Америкалық актер, голливуд жұлдызы Кирк Дуглас 103 жасында қайтыс болды, деп хабарлады ria.ru.

«Ол бүкіл әлемге аңыз болып қалады, киноның алтын ғасырынан шыққан актер болды», - деді актердің ұлы Майкл Дуглас.

Оның айтуынша, Кирк Дуглас болашақ ұрпаққа кино саласында мол мұра қалдырды.

Айта кетсек, Кирк Дуглас (Исер Данилович) кинодағы көптеген рөлдерімен танымал, оның ішінде «Спартак» және «Детективті әңгіме» және т.б. фильмдерде ойнаған. Ол сонымен қоса он кітап жазған. Дуглас киноматография тарихындағы ең танымал және табысты актерлердің бірі болып саналады.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы