435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 3 адам көз жұмды

  • 190
  • UPD: 10:40, 06.02.2020

Ыстамбұлдағы Сабиха Гөкчен әуежайында Pegasus Airlines компаниясына тиесілі ұшақ көкке көтерілер кезде ұшу жолағынан шығып кетіп, 3 жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 179 кісі жарақат алды. Алдын ала ақпарға сәйкес ұшақ бортында 183 кісі болған. Оның 175-і жолаушы, 2 сәби мен 6 экипаж мүшесі. Апаттан жапа шеккен азаматтар әуежайға жақын жердегі ауруханаларға жеткізілген. Измир – Ыстамбұл бағытындағы ұшақ қона бергенде тұмсығымен жолақты сызып, үш бөлікке бөлінген. Қазірше апаттың не себепті шыққандығы белгісіз. Жергілікті әкімшілік тергеу жұмыстарының басталғандығын хабарлап отыр.

Жахит Турхан, Тасымал және инфрақұрылым министрі:

- Pegasus авиакомпаниясының ұшағы ауа райының қолайсыздығы салдарынан ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 175 жолаушы, 2 сәби, 4 бортсерік және 2 ұшқыш болған. Осы уақытқа дейін 120 жолаушы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Фахреттин Кожа, Денсаулық сақтау министрі:

- Қазірге дейін ауруханаларға 157 кісі жатқызылды. 2 кісіге операция жасалды. Бәрінің жағдайы бірқалыпты. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орынында үш жолаушы қайтыс болды.

 

Хабар 24 телеарнасы