425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде «Ұялы телефонсыз күн» шарасы басталды

  • 578
  • UPD: 11:55, 06.02.2020
Әлемде «Ұялы телефонсыз күн» шарасы басталды

Әлемде бүгін «Ұялы телефонсыз күн» шарасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акция 2 күнге созылады. Оны СМС хабарлама туралы роман жазған француз жазушысы Фил Марсо ұсынған. Себебі, әлемде смартфондарға тәуелділік артқан. Сондықтан шараны ұйымдастырушылар осы уақыт аралығында ұялы телефонды қолдануды уақытша тоқтатуға немесе оны азайтуға шақырып отыр. Бастама психологтардың да қолдауына ие болды.

Ал, статистикаға жүгінсек, әлемде биыл смартфонды қолданушылардың саны 3,5 миллиард адамға жеткен. Келер жылы олардың қарасы тағы 300 миллионға артуы мүмкін. Смартфонды ең көп пайдаланатын алғашқы үштікті Қытай, Үндістан, АҚШ бастап тұр. Зерттеулерге қарағанда, әлемде 1 адам смартфонға күніне 3 сағаттай уақытын кетірсе, жұмыс кезінде мобильді құралына 37,5 минутын жұмсайды екен. Ал әр адам смартфонына тәулігіне 47 мәрте қарап, 1 жылда 23 күнін осындай іске сарп ететін көрінеді. 

Әлемде смартфондарды қолданушылар саны:

2018 – 2.9 млрд

2019 – 3.2 млрд

2020 – 3.5 млрд

2021 – 3.8 млрд

1 адамның смартфонды қолдану уақыты:

күніне –  2 сағат 51 минут

жұмыс уақытында – 37,5 минут

күніне қарау жиілігі – 47 мәрте.

Хабар 24 телеарнасы