431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уханьдағы әртүрлі нысандар уақытша аурухана ретінде қолданыла бастады

  • 268
  • UPD: 14:19, 06.02.2020
Уханьдағы әртүрлі нысандар уақытша аурухана ретінде қолданыла бастады

Қытайдың Ухань қаласындағы уақытша ауруханаға коронавирус жұқтырған азаматтардың алғашқы легі келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

100-ден аса науқас шаһардағы қоғамдық ауруханалардан жіберілген. Айта кетейік, 1800 азаматты қабылдай алатын бұл мекеме ауруы асқынбаған азаматтарды емдеумен айналысады. Ал науқастардың жағдайы күрт нашарлап кеткен жағдайда олар өзге мекемелерге көшіріледі. Жалпы дендеген дертке байланысты індетпен күрес штабы қазір тағы 3 нысанды аурухана ретінде қолдануды жоспарлап отыр. Оның ішінде бір гимназия, халықаралық конференц-орталық пен мәдени кешен бар. Оларды қажетті жабдықтармен жабдықтаған соң жалпы саны 3400 науқасты қабылдай алатын ауруханалар пайда болмақ.

Хабар 24 телеарнасы