431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта ереуілшілер мен дінбасы жақтастары арасындағы қақтығыстан 11 адам көз жұмды

  • 175
  • UPD: 14:23, 06.02.2020
Иракта ереуілшілер мен дінбасы жақтастары арасындағы қақтығыстан 11 адам көз жұмды

Ирактың оңтүстігіндегі ән-Наджаф қаласында ереуілшілер мен дінбасы Мұқтада әс-Садр жақтастары арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 11 адам қаза тауып, 52 азамат жарақат алды. Мәлім болғандай, жанжалға аталған екі топ арасындағы алауыздық түрткі болыпты. Айта кетейік, елдегі қақтығыстар қазан айынан бері жалғасып келеді. Содан бері ереуілшілер жұмыссыздық пен биліктің жемқорлығына қарсы шығып, үкіметті ауыстыруды талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы