429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иерусалимде белгісіз біреу темір тұлпарымен бір топ адамды қағып өтті

  • 432
  • UPD: 15:40, 06.02.2020
Иерусалимде белгісіз біреу темір тұлпарымен бір топ адамды қағып өтті

Иерусалим қаласында белгісіз біреу темір тұлпарымен бір топ адамды қағып өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 14 адам түрлі жарақат алды. Олардың 12-сі әскери, қалған екеуі жергілікті тұрғын. Зардап шеккендердің барлығы автобус аялдамасында тұрды. Жергілікті билік оқиғаны қасақана жасалған әрекет деп бағалап отыр. Қаскөй ізін суытып үлгерді. Қазір ол іздестіріліп жатыр. Дәрігерлер жарақат алған бір адамның ауыр халде жатқанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы