432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей ғарышқа биылғы алғашқы зымыранын ұшырды

  • 507
  • UPD: 09:35, 07.02.2020
Ресей ғарышқа биылғы алғашқы зымыранын ұшырды

Ресей Байқоңырдан биылғы алғашқы зымыранын ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Союз» зымыран тасығышы орбитаға британдық «OneWeb» компаниясының 34 жерсерігін алып шықты. Олар Фрегат қозғалтқышы арқылы 450 шақырым биіктікке шығарылады. Бұл «OneWeb» бірлестігінің әлемдегі ғаламторды пайдаланушыларды кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Компания осы мақсатта 2015 жылы Ресеймен орбитаға 672 жерсерігін шығару туралы келісімге отырған. Жалпы компания 2026 жылға дейін ғарыштағы өз аппараттарының санын 2 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы