425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеул метросында ауаны тазарту технологиялары енгізіледі

  • 508
Сеул метросында ауаны тазарту технологиялары енгізіледі

Оңтүстік Корея астанасында ауадағы ұсақ бөлшектерді азайту бойынша сайысының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Оңтүстік Кореяның алты және АҚШ, Франция мен Жапонияның төрт компаниясы қатысты. Екі ай ішінде интернеттегі байқау алаңына бір жүз алты инновациялық жоба ұсынылды. Өткен айда он топ өз жабдықтарын метро туннельдерде, платформаларда және вагондарда орнатқан. Жеңімпаз болып американдық компания танылды. Ол 500 миллион вон сыйлыққа ие болды. Бұл 422 мың доллардан асады. Компания фильтрлер көмегімен ауаны тазарту технологиясын енгізді. Оларды желдету жүйелерінде қолдануға болады. Сеулдегі ауа сапасы әлемдегі ең нашарлардың бірі болып саналады. Атмосферадағы ұсақ шаңмен күресу үшін Оңтүстік Корея астанасының орталығында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ли Хен Хи, компания өкілі:

– Компаниямыз 45 жыл бойы экологиялық жобалармен айналысады. Бұл технологиялық шешімге келу үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс істедік. Метрода жабдығымыз жақсы нәтижелерді көрсетті. Станциядадағы ауа тоқсан процентке, платформадағы ауа алпыс процентке тазартылды.

Пак Вон Сун, Сеул қаласының мэрі:

– Қазір әлем халқының жартысы қалаларда тұрады, 20-30 жылдан кейін олардың үлес саны көбейе түседі. Жыл сайын Сеул шаң-тозаңмен күресу үшін шамамен 100 миллиард вон немесе сексен төрт жарым миллион доллар жұмсайды, бірақ Сеулдің күш-жігері аз, сондықтан басқа қалалар да қатысуы керек. Біз Сеул метросында ауаны тазартатын технологияларды енгізуге ұмтыламыз.

Хабар 24 телеарнасы