377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада төпелеп жауған қардан 13 облыс жарықсыз қалды

  • 106
  • UPD: 21:01, 07.02.2020

Қатты соққан дауыл мен толассыз жауған ақ ұлпа қар салдарынан Украинадағы 600 елді мекен жарықсыз қалды. Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік департамент осылай дейді. Одесса облысында желдің жылдамдығы жоғары болғаны соншалық, электрсымының 11 жүйесін үзіп кеткен. Днепропетровск, Запарожск, Кировоград облыстарында жүк көліктерімен алыс сапарға шығуға тыйым салынды. Ал Херсон облысында әуежай жұмысы уақытша тоқтатылып, рейстер кейінге шегерілген. Жол апаты да жиілеп кетті дейді мамандар.

Андрей, жанармай құю бекетінің қызметкері:

– Әскери көліктердің колоннасы кетіп бара жатқан еді. Бір «Маз» кенеттен жолдың шетіне шығып кетті. Қар қалың, жол тайғақ. Салдарынан біздің жанармай бекетінен бірақ шықты. Қазір шығын көлемін есептеп жатырмыз.

Ресей қарлы боран құрсауында қалды

Көршілес Ресей елі де қарлы боран құрсауында қалды. Ростов облысында 14 мың адам жарықсыз отыр. Красноярсктағы жел жылдамдығы секундына 28 метрді құраған. Федералды жолдарда бірнеше шақырымдық кептелістер. Бірнеше автожол жабылды. Норильск әуежайы ұшақтарды қабылдай алмай отыр. Салдарынан Мәскеуден жолға шықпақ болған жолаушылар қонақ үйлерге орналастырлыды.

АҚШ-тың бірқатар штатында күн райы құбылды

Американың оңтүстігіндегі бірқатар штатта да қолайсыз күн райы тіркелді. Бірінде қатты дауыл соғып, бұршақ жауса. Бір өңір қар мен жауын астында қалды. Алабамада қатты дауылдан бір адам қаза тауып, бірнеше тұрғын жарақат алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Миссисипи, Алабама, Джорджии, Солтүстік Королина және Вирджиняда қолайсыз күн райы салдарынан 70 мың үй жарықсыз отыр. Ал Жаңа Орлеандағы Луизиана штатында бұршақ жауып, оның видеосы әлемуеттік желіде бірден тарап кетті.

Жаңа Зеландияның оңтүстігі су астында қалды

Өңірде толассыз жауған жауын соңы су тасқынына ұласқан. Бірқатар ауданда билік өкілдері төтенше жағдай режимін жариялады. Милфорд-Саунд елді мекенінен 500 турист қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Мыңнан астам тұрғын баспанасын тастауға мәжбүр болған. Жолдар қирап, мектептер уақытша жұмысын тоқтатты.

Шон Эшот, жергілікті тұрғын:

– Таңғы бестер шамасында су тасқыны туралы хабарлама алдық. Тұрғындарды жаппай эвакуациялау басталып кетті. Су көтерілген жерлерге құм толған қаптарды тасыдық. Үйінен шыға алмай қалған көршілерімізге де көмектесіп жатырмыз.

Буэнос-Айресте күн күрт ысыды

Ал Буэнос-Айресте күн күрт ысып, сынап бағанасы 40 градус целсийға көтерілген. Ұлттық метеорология қызметі қауіптіліктің қызғылт сары түсін жариялады. Салдарынан туристер мен жергілікті тұрғындарға күн астында көп жүрмеуге кеңес берілді.

Австралияда толассыз жауған жауын орман өртін ауыздықтауға сеп болды

Әлем елдері осылайша қолайсыз күн райына шағымданып жатса, керісінше Австралия тұрғындары толассыз жауған жауынға дән-риза. Себебі нөсер өңірдегі орман өртінің 40 процентін сөндіруге көмектескен. Бір ғана Сиднейдің өзінде соңғы 24 сағатта 60 милмиметр жауын түсіпті.

Шейн Фитцсиммонс, Жаңа оңтүстік Уэльс штатының полиция комиссары:

–Соңғы күндері еліміздегі ауа райы тамаша. Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік-шығыстағы жауын әлі де жалғасатын болады. Бұл өте қуанышты жаңалық. Себебі біздің өрт сөндірушілерге оңайырақ болады. Құтқарушылар ғана емес, фермерлер де бір қуанып қалды.

Хабар 24 телеарнасы