419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Трамптың ұсынысы палестиндіктердің наразылығын тудырды

  • 449
  • UPD: 22:43, 07.02.2020

«Ғасыр келісімі» деп аталған Дональд Трамптың Таяу Шығыс шиеленісін реттеу бойынша жасаған ұсынысы палестиндіктердің наразылығын тудырды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сарапшылар болжағандай, бұл аймақтағы жағдайды ушықтырып жіберді. Бір күннің ішінде үш террорлық әрекет жасалды.

Қатарынан үш лаңкестік шабуыл жасалды. Алдымен палестиндік азамат Иерусалимде экскурсиядан қайтып бара жатқан Израиль жауынгерлерінің бір тобын көлігімен басып кеткен. 14 сарбаз жарақат алды, олардың біреуі ауыр халде. Содыр оқиға орнынан ізін суытып үлгерсе де, келесі күні Израильдің арнайы бөлімі оны Батыс жағалауда ұстады.  Кейін қаланың көне бөлігінде бір жас араб тапаншадан полицияға оқ атты. Салдарынан тәртіп сақшысы жараланды. Жауап: оқ атқан полицейлер лаңкестің көзін жойды. Ал кейін күре жолда бір топ сарбазға оқ атылды. Палестина басшылығы «Ғасыр келісімі» қантөгіске әкелетінін ескерткен болатын.

Махмұд Аббас, Палестина автономиясының төрағасы:

– Палестина әкімшілігі Израиль үкіметі және АҚШ-пен еш қатынас жасамайтын хабарлайды. Бұл қауіпсіздік саласындағы байланыстарға да қатысты болмақ. Бұл – қол қойған барлық келісімдерден бас тартқандары үшін жауап. Израиль басқыншы күш ретінде қауіпсіздік үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс.

Израиль басшылығы бар кінәні Палестинаға артып отыр, олардың әкімшілігі арандатып отыр дейді. Ал қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық Израильден гөрі Палестинаға қажет көрінеді.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Аббасқа бір айтарым бар. Бұрағыштармен шабуыл жасау, көліктермен адамдарды басу, мергендер мен арандатушылық  мұның бәрі көмектеспейді. Қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге, шекараларымызды бекітуге және болашағымызға сенімді болу үшін барлық тиісті шаралар қабылдаймыз.

Сарапшылардың көбісі қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың үзілуі ауыр жағдайды қиындатуы мүмкін деп санайды. Палестина барлау қызметі израильдіктерге қарсы бағытталған ондаған террорлық әрекеттің алдын алғаны белгілі. Сонымен қатар, ғасыр келісімі осыған дейін жауласып келген Хамас пен Фатх ұйымдарының жақындасуына әкелді.

Роман Бронфман, саясаттанушы:

– Махмұд Аббас Газадағы Хамас жетекшілерімен байланысып, олармен кездесетіні белгілі болды. Батыс жағалауда орналасқан Палестина әкімшілігінің ұстамды қанаты және Хамас пен Ислам жихады секілді террорлық ұйымдар жақындасатын түрі бар. Яғни біз Израиль мен АҚШ-қа қарсы бағытталған палестиндіктердің біртұтас майданының құрылуына жағдай жасадық.

Израильде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Иерусалимде патрульдер саны артып, Батыс жағалауға әскери бөлімдер кірді. Солтүстік әскери округтың да дайындығы жоғары деңгейге көтерілді. Ондағылар ливандық Хезболла жасағының арандатушылығынан қауіптеніп отыр.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы