376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде мультимиллионер депутат қаза тапты

  • 176
  • UPD: 14:47, 08.02.2020
Ресейде мультимиллионер депутат қаза тапты

Татарстанда ресейлік мультимиллионер әрі Мемлекеттік Дума депутаты Айрат Хайруллиннің тікұшағы мәжбүрлі түрде қону кезінде апатқа ұшырады.

Салдарынан Айрат Хайруллиннің өзі опат болды. Ал оның көмекшісі мен ұшқыш ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша апатқа тікұшақтың сыртына мұздың қатып қалуы себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, тікұшақпен байланыс үзілмей тұрып, ол Левашево елді мекенінен Қазан түбіндегі Матюшино ауылына ұшып бара жатқан. Кейін аталған әуе кемесі Кама өзені бетіндегі мұзға құлаған. Қазір апатқа байланысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы