476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Антарктидада температура жағынан рекорд тіркелді

  • 905
  • UPD: 15:21, 08.02.2020
Антарктидада температура жағынан рекорд тіркелді

Антарктидада метеобақылау тарихындағы ең жоғары температура тіркелді. Аргентиналық мамандардың хабарлауынша, мұнда ауа температурасы 18,3 градусқа дейін жеткен. Жалпы  метеобақылау 1961 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Сөйтіп, соңғы рет рекордтық температура 2015 жылдың наурызында тіркелген болатын. Ол кезде термометр бағаны 17,5 градусты көрсеткен. Мамандардың пайымдауынша, бұл жаһандық жылыну салдары болуы мүмкін. Соның кесірінен Антарктидада жыл сайын шамамен 160 текше шақырым көлемдегі мұз ериді екен. Сөйтіп мұздың үстіңгі қабаты 2 сантиметрге жұқарып отырады. 

Клэр Нуллис, дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілі:

- Рекордтық температура Антарктида түбегінің қиыр солтүстігіндегі Эсперанса ғылыми-зерттеу стансасында тіркелген. Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Өйткені 1979 жылдан 2017 жылға дейін еріп кетіп жатқан мұздың көлемі 6 есеге артқан.

Хабар 24 телеарнасы