425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиландта сарбаздың оғынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті

  • 378
  • UPD: 18:52, 09.02.2020
Таиландта сарбаздың оғынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті

Таиландтың Накхонратчасима қаласында әскеридің бейбіт жұртқа қарсы оқ атуынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті.

Оқыс оқиға салдарынан 58 адам жараланған. Бұл туралы Махарата атындағы ауруханаға сілтеме жасаған Thai Rat агенттігі хабарлады. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Таиландтағы әскери бөлімшенің бірінде қызмет ететін сарбаз тұрғындарға қарсы оқ атқан еді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы