428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр

  • 501
  • UPD: 20:37, 09.02.2020
Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр

Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр. Халық Милли Меджлис депутаттарын таңдауы тиіс.

Додаға 1314 үміткер түскен. Оның 21 проценті әйелдер. Бір депутаттық мандатқа 10-11 үміткерден келеді. Осы сайлауда 5 жарым мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылған. Елде 5 миллионнан астам адамның дауыс беру құқығы бар. Саяси доданы 77 мың жергілікті және 1000-ға жуық шетелдік бақылаушы қадағалайды.

Айта кетейік, бұл Әзербайжан тәуелсіздік алғалы бері алтыншы рет өтіп отырған парламенттік сайлау.

Хабар 24 телеарнасы