419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде босқындарды қолдаушылардың шеруі өтті

  • 482
  • UPD: 20:43, 09.02.2020
Берлинде босқындарды қолдаушылардың шеруі өтті

Берлинде босқындар мен көші-қон саясатын қолдаған жүздеген адам шеруге шықты.

Қаланың қақ ортасымен жүріп өткен көпшілік Бундестаг алдына келіп бір-ақ тоқтады. Олар биліктен Грекиядағы босқындарды ел аумағына кіргізуді талап еткен. Айта кетейік, бұған дейін Афина билігі мыңдаған мигрантты елден шығаратынын мәлімдеген еді. 

Габриэла, Берлин қаласының тұрғыны:

- Біздің ойымызша, Германия Грекиядағы босқындарды қабылдауы тиіс. Әсіресе кәмелетке толмаған балаларға көмектесуіміз керек. Сондықтан Сыртқы істер министрі тиісті заңға қол қойып, мигранттарды Германияға әкелетіндей жағдай жасауы керек.

Ирми, Берлин қаласының тұрғыны:

- Босқындарды кіргізбеу арқылы біз өзге елдердің мойнына жүк артып жатырмыз. Қазір бұл мәселемен тек Түркия, Грекия мен Италия ғана айналысады. Жалпы Дублин келісіміне сәйкес, босқындар алғаш келген елден ғана баспана сұрай алады. Бірақ қазір Грекия ағылған босқындар легін түгелдей орналастыруға қауқарсыз. Сондықтан бұл мәселеде Германия қол ұшын созуға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы