424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания жағалауына жойқын дауыл жақындап келеді

  • 782
  • UPD: 09:25, 10.02.2020
Ұлыбритания жағалауына жойқын дауыл жақындап келеді

Ұлыбритания жағалауына «Сиара» дауылы жақындап келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның кесірінен британиялық жағалаудың бірқатар ауданында алай-дүлей теңіз толқып, екпінді жел соқты. Деректер бойынша оның қуаты 1987 жылғы сұрапыл дауылмен тең. Желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымды құрайды. Өз кезегінде метеорологтар елге төнген «Сиара» «ғасыр дауылы» болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Сондықтан аймақта саябақтар түгелдей жабылған. Ал теміржол компаниялары тұрғындарға жол жүруден бас тартуға шақырып жатыр. Осыған байланысты өңірде пойыздардың саны қысқарып қана қоймай, олардың жүру жылдамдығы да азайды.

Хабар 24 телеарнасы