448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сириядағы әскерін күшейтті

  • 233
  • UPD: 09:34, 10.02.2020
Түркия Сириядағы әскерін күшейтті

Түркия билігі Сирияның Идлиб провинциясында өз әскерін күшейтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, осы айда Анкара мыңнан астам әскери техникасын жіберді. Қазір бұл аймақта қарулы қақтығыс өршіп тұр. Таяуда шам елінің үкімет әскері Идлибтегі стратегиялық маңызды аймақ болып саналытын Серакиб қаласын басып алған. Одан бөлек, өңірдегі Дамаск пен Алеппоны байланыстыратын тас жолын да өз бақылауына алды.

Естеріңізге салайық, Сириядағы үкімет әскері мен оппозиция күштері арасындағы жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қанды қырғыннан бас сауғалап қашқан босқындар Түркия шекарасына ағылып жатыр. Күні бүгінге дейін бұл елге 3 жарым млн-нан астам сириялық келген. Түркия аймақтағы оппозицияны, ал Ресей Башар Асад режимін қолдап жатыр. Тараптар қарама-қайшы көзқарасты ұстануда. Оппозиция мен жергілікті билік болса бір келісімге келіп, барлық мүдделі жақтарды қанағаттандыратын нәтижеге қол жеткізе алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы