423,91 504.32 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Таиландта екі қайық соқтығысып, 20-дан астам ресейлік жарақат алды

  • 590
  • UPD: 11:32, 10.02.2020
Таиландта екі қайық соқтығысып, 20-дан астам ресейлік жарақат алды

Туристер мінген екі жылдамдықты қайық соқтығысып, салдарынан 20-дан астам ресейлік турист зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости.

Оқиға дүйсенбі күні таңертең Пхукетте аралында болған.

«Қайықтардың біреуінде таилық экипаж, екіншісінде 39 ресейлік турист болды. 20-дан астам ресейлік турист түрлі дәрежедегі жарақаттар алды», - делінеген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр.

Хабар 24 телеарнасы