Ұлыбритания мен Еуропаның солтүстігіне «Сиара» дауылы соғып, су тасқыны қаупі күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Британияда 200-ден астам елді мекенге қатер төнген. Англияның солтүстігіндегі Йоркширде су деңгейі қорғаныш бөгеттерден асып кетті. Сағатына 145 шақырым жылдамдықпен соққан жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, тас және темір жолдар жабылды. Әуе рейістері кейінге шегеріліп жатыр. Британияда жүздеген рейс, ал Нидерландта 240 әуе сапары тоқтатылды. Қос елдің билігі тұрғындарды барынша абай болуға шақырды.
Джим Джонсон, жергілікті тұрғын:
– Төменгі жақта тұратын адамдардың үйін су басып жатыр. Біздің баспанамыз жоғары жерде орналасқандықтан, әзірге аман. Бірақ бірер күннен кейін бізді де су алатын шығар.