432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Антарктидада ауа температурасы рекордтық деңгейде көтерілді

  • 1278
  • UPD: 15:05, 10.02.2020
Антарктидада ауа температурасы рекордтық деңгейде көтерілді

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) Антарктидадағы жылы ауа температурасының жаңа рекордын жариялады, деп хабарлады hi-news.

«Эсперанса» ғылыми-зерттеу станциясының зерттеуі бойынша, 2020 жылғы 6 ақпанда Антарктидада ауа райы 18,3 Цельсий градусқа дейін жылыған.

Бұған дейін ең суық континенттегі жылы ауа температурасының рекорды 2015 жылдың 24 наурызында тіркелген. Ол кезде «Эсперанса» станциясының термометрлері 17,5 градусқа дейін көтерілген.

Ғалымдардың айтуынша, Антарктиданың климаты басқа континенттерге қарағанда әлдеқайда тез өзгеріп жатыр. Мұндай климаттық күрт өзгерістер мұздықтардың еруіне және теңіз деңгейінің көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар сол құрлықта өмір сүретін жануарлардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

Айта кетсек, мұзды континенттегі ең қатты аяз 1983 жылы тіркелген. Ол кезде ауа температурасы −89 градусқа дейін төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы