435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеул коронавируспен күресте Пхеньянға көмек беруге дайын

  • 271
  • UPD: 15:12, 10.02.2020
Сеул коронавируспен күресте Пхеньянға көмек беруге дайын

Оңтүстік Корея коронавируспен күресте Пхеньянға көмек беруге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда Солтүстік Кореяда бұл ауруды жұқтыру оқиғасы әлі расталған жоқ. Бұл туралы Корея республикасы ұлттық бірігу министрлігінің ресми өкілі Ё Сан Ги мәлімдеді. Сондай-ақ ол АҚШ-тың Солтүстік Корея бойынша арнайы өкілі Алекс Вонгтың елге сапары жөнінде хабарлады. Америкалық дипломат оңтүстіккореялық әріптестерімен бірге шекарааралық ынтымақтастық және қос Кореяның тас және темір жолдарын байланыстыру мәселелерін талқыға салады. Ё Сан Гидің айтуынша, Оңтүстік Корея үкіметі бірлескен Кэсон өндірістік кешенінің жұмысын қайта жандандыруға бағытталған шаралар қабылдайды. Сондай-ақ министрлік Оңтүстік Корея азаматтарының Солтүстік Кореяға жеке сапарларын қайта жандандыру бойынша жұмыстарын жалғастырмақ.

Ё Сан Ги, Корея республикасы ұлттық бірігу істері жөніндегі министрлік өкілі:

– Жеке туризм АҚШ пен Корея арасындағы ынтымақтастық құзырына кірмейді. Алайда менің білуімше, Оңтүстік Корея үкіметінің бұл мәселе бойынша ұстанымы АҚШ әкімшілігіне түсіндіріледі.

Хабар 24 телеарнасы