422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғарышта селфи жасаған кімдер

  • 737
  • UPD: 15:44, 10.02.2020
Ғарышта селфи жасаған кімдер

NASA астронавты Кристина Кох – Халықаралық ғарыш станциясының сыртында жүріп, космоста селфи жасаған алғашқы әйел, деп хабарлады newsweek.

Сонымен қатар ол Халықаралық ғарыш станциясында әйел ғарышкерлер арасында ең ұзақ мерзімде болып рекорд жасады. Станцияда 328 күн болып, Жерді 5200-ден астам рет айналып өткен. Оған дейінгі рекордты ғарышта 288 күн болған Пегги Уитсон орнатқан болатын.

Айта кетсек, рекорт орнатқан Кристина Кох отырған «Союз МС-14» ғарыш кемесі 6 ақпанда Жерге оралды. ХҒС бортында Кристина Кох 210-нан астам ғылыми зерттеулерге қатысты. Көптеген ғылыми зерттеулерге қатысумен қатар, Кох Халықаралық ғарыш станциясынан Жердің және онда болып жатқан оқиғалардың ғарыштағы суреттерін түсірді.

Ал ең алғашқы «ғарыштағы селфидің» авторы – Базза Олдрин. Ол 1966 жылы ашық ғарышта ұзақ уақыт болып рекорд орнатып қана қоймай, сонымен бірге бүкіл адамзат үшін тарихи суретке арналған селфи түсірген.

Хабар 24 телеарнасы