432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда вирус құрбандарының саны артты

  • 799
  • UPD: 21:13, 10.02.2020

Сөйтіп, коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 2003 жылы әлемді дүрліктірген САРС, яғни а типті пневномония құрбандарынан асып кетті.

Ал кейбір мамандар алдағы уақытта осы ауру ошағы Уханьның әрбір жиырмасыншы тұрғыны індет жұқтыруы мүмкін деген болжам айтады. 

Ми Фен, қытай денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

– Қолда бар мәлімет бойынша, вирусты 40171 адам жұқтырған. 6484 науқастың жағдайы ауыр. Тағы 23589 күдікті дерек тіркелді. 3281 адам айығып, ауруханадан үйлеріне жіберілді.

Жапониядағы круиздік кемеде вирусты 130 адам жұқтырды

Жапонияның Йокогама портында карантинде тұрған «Даймонд Принсесс» лайнерінде де бір тәуліктен аз уақыт ішінде вирус жұқтырғандар саны екі есе көбейіп, 130 адамға жеткен. Бортында 3700-ден астам жолаушысы бар криуздік кемеде 5-ші ақпанда 2 апталық карантин жарияланған болатын. Күншығыс елі денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олар жөтелі бар және дене қызуы жоғары науқастарды, артынша олармен қарым-қатынаста болған жолаушыларды тексерген. Сөйтіп, тағы 60 адамнан коронавирус анықталды.

Коронавирус әлемді тығырыққа тіреді. Атақты актер Джеки Чан бұл дерттің емін тапқанға миллион юань, яғни шамамен 143 мың доллар беретінін айтты. АҚШ болса, індетпен күреске шамамен 70 мың доллар бөлмек. Ал Қытайдың денсаулық сақтау министрлігі қанша дегенмен оң динамиканың да байқалып отырғанын айтады. Соңғы бір апта ішінде ауру ошағы саналатын Хубэй провинциясынан тыс жерде вирус жұқтыру деректері шамамен 43 процентке азайған. Сарапшылар мұның бәрі аурудың таралуын болдырмауға қатысты шараларың тиімділігін көрсетіп отыр дейді.

Оң динамиканы айыққандар санынан да байқауға болады. Яғни, 3 мың адам жазылып шыққан. Ал шанхайлық ғалымдар бірнеше фармацевтикалық компаниямен бірігіп, коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаны сынау жұмыстарын бастап кетті. Мамандардың айтуынша, препаратты әзірлеуде озық технологиялар қолданылады. Яғни дайындау уақыты қысқа, тиімділігі жоғары болмақ.

Ұлыбританияда вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

Сара гилберт, профессор:

– Қазіргі уақытта вакцинаны жануарларға егіп жатырмыз. Бұл – кез келген препаратты сынақтан өткізу кезінде жасалатын шара. Клиникалық сынықтарды жаздың басына жоспарлап отыр.

Қазақстандықтарды эвакуациялау жалғасады

Ал өз еліміз Қытайдағы отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарымызды коронвирустан қорғау туралы тапсырмасына сай ақпанның 10-12-сі аралығында Бейжіңге «Эйр Астана» компаниясының 2 ұшағы аттанады. Бұл сапарға дәрігерлер де барады. Қытай тарапымен келісім бойынша екі ұшақпен Бейжіңге Қытайдың 47 азаматы және Қазақстандағы елшілігінің жүгі жеткізіледі. Жалпы, қазір Қытайда Қазақстанның 719 азаматы бар. Олардың 391-і елге оралуға көмектесуді сұраған. Қалған қандастарымыз, олардың ішінде дипломатиялық өкілдік қызметкерлері мен студенттер бар осы елде қалуға ниет білдірген. Қытайдағы Қазақстан елшілігі азаматтарымызбен әрдайым байланыста және қажет болған жағдайда оларға көмек көрсетілетінін хабарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы