378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгта коронавирус жұқтырған тұрғындары бар көпқабатты үй эвакуацияланды

  • 108
  • UPD: 10:29, 11.02.2020
Гонконгта коронавирус жұқтырған тұрғындары бар көпқабатты үй эвакуацияланды

Гонконгтағы үйлердің бірінен 100-ден астам тұрғын тез арада көшіріліп, карантинге алынды, деп хабарлады ria.ru South China Morning Post газетіне сілтеме жасап.

Себебі көпқабатты үйдегі 2 адамнан коронавирус анықталған. Вирус үшінші қабаттағы 307-пәтерде тұратын 62 жастағы әйелден расталды.

Оның алдында 1307 пәтерде тұратын ер адам коронавирус жұқтырған. Мамандардың пайымдауынша, вирус кәріз құбырлары мен желдету жүйесі арқылы да тарауы мүмкін.

Осылайша, Гонконг билігі пәтер нөмірінде 7 саны бар барлық пәтерлердің тұрғындарын эвакуациялады. Себебі олардың кәріз және желдету жүйелері бір.

Хабар 24 телеарнасы