411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда Түркия сарбаздары қаза тапты

  • 322
  • UPD: 09:25, 12.02.2020
Сирияда Түркия сарбаздары қаза тапты

Идлибте Сирия үкіметінің армиясы оқ атып, салдарынан түркиялық бес әскер қаза тапты.

Тағы бесеуі жарақаттанған. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігі хабарлады. Сондай-ақ ведомство жауап ретінде сириялық әскери нысандарға қарсы шабуыл жасағанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, соңғы уақытта Идлибтегі шиеленіс ушыға түсті. Бұған дейін, 3 ақпан күні шабуылдан сегіз түркиялық әскерилер көз жұмған еді. Режеп Тайып Ердоған Сирия тарапын Идлибтегі бақылау бекеттері маңынан кетуін талап етті. Өйтпеген жағдайда өңірді басып алу операциясын бастаймыз деп отыр. Бақылау бекеттері 2017 жылы Ресей, Түркия, Иранның ортақ келісімі аясында құрылған еді.

Хабар 24 телеарнасы