378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда карантинге жабылған лайнердегі қарт адамдар эвакуацияланады

  • 93
  • UPD: 12:19, 11.02.2020
Жапонияда карантинге жабылған лайнердегі қарт адамдар эвакуацияланады

Жапонияда коронавирусқа байланысты карантинге жабылған Diamond Princess круиздік лайнеріндегі қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдар сыртқа шығарылады.

Қазіргі уақытта кемеден коронавирус жұқтырған 135 адам анықталды. Одан бөлек 1800-ден астам адам медициналық көмекке зәру.

Кемеде барлығы 3700 адам болған.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, 10 ақпандағы жағдай бойынша, 1850 адам инсулин сияқты маңызды дәрілер сұраған. Жолаушылардың жартысынан көбі 70 жастан асқан адамдар.

Хабар 24 телеарнасы