423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сан-Паулуды топан су басты

  • 502
Сан-Паулуды топан су басты

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жаңбыр шелектеп құйып, шаһарды су басты. Тасқыннан көптеген жолдар су астында қалып, көлік қатынасы тұралаған.

Табиғат апатына байланысты шаһардағы 40 мектеп уақытша жабылды. Нөсерден Тиете және Пинейрос өзендерінің суы көтеріліп, тасып жатыр. Әзірге табиғат апатынан жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Қазір су басқан аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Эдмисон Силва, жергілікті тұрғын:

- Менің Сан-Паулуда тұрып жатқаныма 22 жыл болды. Бірақ жаңбырдың қазіргідей селдетіп жауғаныны алғаш рет көруім. Барлық пойыздар тоқтап, адамдар жұмыстарына жете алмай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы