431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада дауылдан адамдар қаза тапты

  • 376
  • UPD: 13:29, 11.02.2020
Польшада дауылдан адамдар қаза тапты

Польшада «Сабина» дауылынан бір әйел мен қыз бала қаза тапты. Тағы 2 адам жарақат алды.

Жел таудағы демалыс орынның шатырын ұшырып әкетіп, адамдардың үстіне құлаған. Бұдан бөлек құтқарушылар табиғат апаты кезінде 1 мыңнан астам тұрғынға түрлі көмек көрсетті. Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, көптеген көлікті аударып тастады. Ел аумағында 120 мың адам жарықсыз қалды. Табиғат апаты аймағында мектептер жабылған. Еуропаның Нидерланд, Германия, Словения, Швеция, Чехия елдерінде де осындай жағдай.

Хабар 24 телеарнасы