443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перу көшелерін топан су басты

  • 196
  • UPD: 14:13, 11.02.2020
Перу көшелерін топан су басты

Перу тұрғындарын су тасқыны әбігерге салды. Аймақта толассыз жауған жауын бірнеше күннен бері жалғасып келеді.

Аймақтағы бірнеше өзен арнасынан тасып кеткен. Қауіпті өңірлерде көлік қозғалысы тежелді. Кей жерлерде лай көшкіні басталды. Салдарынан ондаған баспана қирады. Табиғат апатынан ауыл шаруашылығы алқаптары жарамсыз күйге айналды. Сарсаңға салынған тұрғындар үйлерінен шыға алмай әлек. Халық құтқарушылар дер кезінде көмекке келмейді деп шағымданып жатыр.

Айта кетейік, қазір Перуде жауын-шашын маусымы басталды. Әдетте нөсер сәуір айына дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы