376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей мен Түркия қарым-қатынасы шиеленісіп барады

  • 171
  • UPD: 14:43, 11.02.2020
Ресей мен Түркия қарым-қатынасы шиеленісіп барады

Түркия Идлиб провинциясындағы Сирия әскерінің бекіністеріне соққы жасады. Бұл осы орыннан түрік жауынгерлеріне жасалған атысқа жауап болды. Соңғы күндері Түркия Идлибтегі бекеттерін күшейту мақсатымен техника мен қосымша әскери бөлімдерді шоғырландыра бастады. Ресей сыртқы министрлігі өткен аптада Сирияда ресейлік және түрік әскери мамандарының қаза болғанын хабарлаған. Астана процессіне қатысушы бұл екі ел арасында қатынастар шиеленісіп келеді. Түркия билігі Ресей қауіпсіз аймақтарда әскери қимылдарды доғару жөнінде келісімді орындамай отыр деген айып тақты. Ал Ресей өз жағынан Түркия аймақтағы террорлық ұйымдарды қолдап жүргенін алға тартады. 

Владимир Евсеев, әскери сарапшы: 

- Ресей ұшағын тағы да атып түсіргені бізге қажет емес. Егер Түркия Сирияның әуе кеңістігін бұзса, бұл жолы түркиялық ұшақтар нысанға алынуы мүмкін. Әскери қақтығыстардың болуын, әсіресе Сирия жерінде Түркиямен қарулы шиеленісті қаламаймыз. Бұл тұста Астананың маңызы зор, өйткені ол - келіссөздер алаңы. Қазір де, болашақта да бұл алаң қажет болады. 

Руслан Мамедов, халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің сарапшысы: 

- Астана форматына маңызы артып жатқан тағы да бір ойыншы қосылды, бірақ көбісі мұны аңғармай отыр. Бұл Сирия үкіметі. Бірнеше жыл бұрын осы формат құрылғаннан бері Дамаск едәуір күшейе түсті.

Хабар 24 телеарнасы