425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Африканың шығысындағы елдерді шегіртке қаптады

  • 624
  • UPD: 14:52, 11.02.2020
Африканың шығысындағы елдерді шегіртке қаптады

Африканың шығысындағы елдерде шегіртке қаптап кетті. Салдарынан диқандар  орасан зор шығынға батуда.

Africa news телеарнасының хабарлауынша шегіртке шабуылынан әсіресе Эритрея, Эфиопия, Уганда, Кения мен СомалИ қатты зардап шегіп отыр. Кейбір елдерде тіпті төтенше жағдай да жарияланды. Мәселен,  зиянкестер жаңа көктеп келе жатқан егіс алқаптарын отап жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, алдымен олар Йеменде пайда болған. Онда мамандар қанаттыларға қарсы дер кезінде у сеуіп үлгрмегендіктениянкестер көбейіп өзге елдерге тез ауып кеткен.

Доминик Бурген, азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының өкілі:

-  Жағдайды реттеу үшін қазірден бастап іске кірісу керек. Халықаралық көмек қажет деп ойлаймын. Шегірткемен күресу үшін 76 млн доллар сұрадық. Оның тек 19-ын ғана алдық. Дабыл қақпасақ бұл апаттың зардабы ауыр болуы мүмкін. Халықаралық бірлестіктер мәселенің қаншалықты қиын екенін түсіну керек. Жергілікті халық аштыққа ұшыраса,  бұл проблеманы шешу оңайға соқпайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы