447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда ХДО партиясының көшбасшысы канцлер болуға кандидатурасын ұсынбайды

  • 147
  • UPD: 15:21, 11.02.2020

Христиан-демократиялық одақтың көшбасшысы Аннегрет Крамп-Карренбауэр Германия Канцлері лауазымына өз кандидатурасын ұсынбайтын болды. Бұл туралы партиялас әріптестері мәлімдеді. 

Айта кетейік, Германияда келер жылы жаңа үкімет басшысын тағайындау үшін сайлау өтеді. 57 жастағы Крамп-Карренбауэр 2018-ші жылдың желтоқсанында партияаралық сайлауға қатысып одақ көшбасшысы Ангела Меркельдің орнын басқан еді. Тиісінше, христиан-демократиялық одақтың атынан Канцлер сайлауына өзі қатысуы керек болатын. Кейбір деректер бойынша Крамп-Карренбауэр жазда үкімет басшысы лауазымына партия атынан ұсынатын үміткерді іздей бастайды. Әзірге ол Армин Лашет болуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі таңда ол Солтүстік Рейн-Вестфалия жерлерінің федералды үкіметін басқарады.

 

Хабар 24 телеарнасы