376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Қытайдан 500 адамын қайтарды

  • 81
ЕО Қытайдан 500 адамын қайтарды

Коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты Еуроодақ Қытай аумағынан 500-дей азаматын қайтарды.

Еурокомиссия қажетті көмек көрсету және індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша Қытай үкіметімен тікелей байланыс орнатты. Қаңтар айында Еуроодақ ғылыми зерттеулерге 10 миллион еуро бөлді. Бұл қаражат бірнеше жобаны қолдауға жұмсалады. Дағдарысты ахуалдарды басқару жөнінде еурокомиссар Янеш Ленарчич жақын арада бұл ауруға қарсы вакцина шығарылатынына үміт білдірді. 

Янеш Ленарчич, дағдарысты ахуалдарды басқару жөніндегі еурокомиссар:

- Қытай билігі қолғап, бетперде мен халаттар секілді жеке қорғану құралдары қажет екенін бізге жеткізді. Қазір біз өз мүмкіндіктеріміздің картасын, яғни Еуроодақ елдері қайырымдылық көмек ретінде не ұсына алатынын әзірлеп жатырмыз. Бұл жұмыстың бір бөлігі атқарылды, Германия және Франциядан 12 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы