381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде армениялық автокөліктердің көбеюіне не себеп болды

  • 350
  • UPD: 12:57, 12.02.2020

Еуразиялық коммуникация орталығының директоры Алексей Пилько Қазақстандағы армениялық автокөліктер мәселесі жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органдары бұл сауалға дер кезінде көңіл бөлмеген. Армения одақ құрамына кіргеннен кейін бұл елде 2020 жылға дейін әкелінетін автокөліктерге кеден салығы төмен болған. Осыны пайдаланған алыпсатарлар түрлі айламен бұл көліктерді Қазақстанға әкеп жүрді. Алексей Пильконың айтуынша, одаққа мүше бес елде бірыңғай кеден салықтары қолдана бастағаннан кейін мұндай мәселе болмайды.

Алексей Пилько, еуразиялық коммуникация орталығының директоры:

– Бұл – одақ әлі дамып жатқанынан туындаған мәселе. Бүкіл одақ бойынша тауарлардың барлық түріне кеден салықтарын тез арада теңестіріп, Бірыңғай кеден кодексін енгізуге кірісу қажет. Еуразиялық экономикалық комиссия ширақ қимылдап, бірыңғай тарифтер мен салықтар сауалын тезірек шешкенде, осындай мәселе шықпас еді.

Хабар 24 телеарнасы