420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сирия әскерінің бекіністеріне соққы жасады

  • 525
  • UPD: 12:55, 12.02.2020

Бұл түрік жауынгерлеріне жасалған атысқа қарымта жауап болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері Түркия Идлибтегі бекеттерін күшейту мақсатында техника мен қосымша әскери бөлімдерді шоғырландыра бастады. Астана процесіне қатысушы бұл екі ел арасындағы жағдай шиеленісіп келеді. Түркия билігі  ресейліктер қауіпсіз аймақтарда әскери қимылдарды доғару жөніндегі келісімді орындамай отыр деп айып тақты. Ал Ресей тарапы Түркия аймақтағы террорлық ұйымдарды қолдап жүргенін алға тартады.

Владимир Евсеев, әскери сарапшы:

– Ресей ұшағын тағы да атып түсіргені бізге қажет емес. Егер Түркия Сирияның әуе кеңістігін бұзса, бұл жолы түркиялық ұшақтар нысанға алынуы мүмкін. Әскери қақтығыстардың болуын, әсіресе, Сирия жерінде Түркиямен қарулы шиеленісті қаламаймыз. Бұл тұста Астананың маңызы зор, өйткені ол – келіссөздер алаңы. Қазір де, болашақта да бұл алаң қажет болады.

Руслан Мамедов, халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің сарапшысы:

– Астана форматына маңызы артып жатқан тағы да бір ойыншы қосылды, бірақ көбісі мұны аңғармай отыр. Бұл - Сирия үкіметі. Бірнеше жыл бұрын осы формат құрылғаннан бері Дамаск едәуір күшейе түсті.

Хабар 24 телеарнасы